Прокурор соттан Жанболат Мамайды 6,5 жылға cоттауды сұрады

Ол өзіне тағылған айыппен келіспейді


04/04/2023
12:01 19517 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Прокурор оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайды 6,5 жылға шартты жазаға кесуді сұрады. 

 

4 сәуірде өткен сот отырысында жарыссөз басталды. Прокурар Еркін Байдәулетов Жанболат Мамайды айыпты деп танып, 6,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ ол ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабын қолданып, бұл мерзімді шартты жазаға ауыстыруды сұрады.

 

Сондай-ақ прокурор Мамайға 6 жыл мерзімге қоғамдық-саяси және журналистік қызметпен айналысуға, оның ішінде әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салуды сұрайды.

Сот барсында Жанболат Мамай судьядан жарыссөзге дайындалуға уақыт беруді сұрады. Судья оның өтінішін қанағаттандырды.

Оппозициялық саясаткер, тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамайдың үстінен Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды», «жалған ақпарат тарату», «билік өкілін қорлау» баптары бойынша айып тағылған. 

Оның өзі және жақтастары тағылған айыппен келіспейді. Істің саяси астары бар деп есептейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

04/04/2023 12:01
19517 0

Уведомление